Мажарстан (Солтүстік Македония Республикасы) азаматтары үшін визалық мәселелер және Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық ережелері туралы ақпарат

Мажарстан (Солтүстік Македония Республикасы) азаматтары үшін визалық мәселелер және Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық ережелері туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 286 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 17-тармағының қолданысы 2021 жылғы 31 желтоқсан сағат 23:59-ға дейін уақытша тоқтатылды.

Демек, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап визасыз режим Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 17-тармағында көрсетілген елдер үшін қайта басталды.

17 тармақ

1.   Аустралия

2.   Аустрия

3.   Бахрейн

4.   Бельгия

5.   Болгария

6.   Ватикан

7.   Ұлыбритания

8.   Мажарстан

9.   Вьетнам

10. Германия

11. Грекия

12. Дания

13. Израиль

14. Индонезия

15. Ирландия

16. Исландия

17. Испания

18. Италия

19. Канада

20. Катар

 

21. Кипр

22. Колумбия

23. Кувейт

24. Латвия

25. Литва

26. Лихтенштейн

27. Люксембург

28. Малайзия

29. Мальта

30. Мексика

31. Монако

32. Нидерланд

33. Жаңа Зеландия

34. Норвегия

35. Оман

36. Польша

37. Португалия

38. Румыния

39. Сауд Арабиясы

40. Сингапур

45. Филиппины

46. Финляндия

47. Франция

48. Хорватия

49. Чехия

50. Чили

51. Швейцария

52. Швеция

53. Эстония

54. Жапония

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен қатар, 2021 жылғы 13 қазанда жаңартылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне сәйкес 2020 жылғы 11 мамырдан бастап карантиндік шектеулер кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуі уақытша шектелгенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі уақытша шектелген.

Шетелдік азаматтың Қазақстанға кіруі үшін визамен немесе визасыз режиммен қатар ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

Ережеден тыс жайт - Қазақстан әуе қатынасын қайта бастаған елдердің азаматтары (тұрақты авиарейстер).

Мажарстан мен Қазақстан тұрақты әуе қатынасын 2021 жылдың қыркүйегінде қайта жаңартылды.

Мажарстан азаматтарына ВАК рұқсаты қажет емес!

Егер Мажарстанның азаматы ҚР шекарасын әуе көлігімен емес, жерүсті көлігімен (т/ж, авто) кесіп өткен жағдайда бұл ретте Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өту Қағидалардың 14, 15, 16, 17, 18, 19-тармақтары негізінде немесе ВАК рұқсатының болуы негізінде жүзеге асырылады.

Солтүстік Македония азаматтарының Қазақстан Республикасына кіруі виза және ВАК рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

Маңызды!

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3 қаулысына сәйкес 2022 жылғы 17 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келген барлық адамдар (Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсының болуына қарамастан, ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтаманы (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілінде) (бұдан әрі – Анықтама) ұсынуға міндетті. Бұл ретте Анықтама ПТР әдісімен зерттеуге материал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес уақытта алынған жағдайда жарамды.

Оларды алып жүретін адамдарда Анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларға; Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларына; авиакомпаниялар экипаждарына Анықтама ұсыну талап етілмейді.

Дене температурасы қалыпты шектегі, анықтама берген, келген адамдарға CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне жол жүруді жалғастырады.

Дене температурасы жоғары адамдар, Анықтаманың болуына қарамастан, инфекциялық стационарда оқшаулауға жатады.