
Мажар қыпшақтар одағы осымен Қазақстандағы оқиғаларға байланысты өзінің алаңдаушылығы мен уайымын білдіреді.
Қыпшақтар мен қазақтар – туыс халықтар. Одақтың басшылығы мен мүшелері көптеген жылдар бойы халықтарымыз арасында тығыз байланысты орнатқаны мәлім. Осындай ауыр кезеңде қазақ ағайындарымыз сансыз рет иіндерін тірегендей, енді біз қазақ туыстарымызға қолдау көрсетуге тиіспіз.
Бұл шиеленісті жағдай тезірек өз ретіне келіп, ел мен оның тұрғындарының қауіпсіздігі өз қалпына келеді деп үміттенеміз.
Барлық қолдауымызбен Қазақстан халқын елдегі ахуалды тұрақтандыруға, тәуелсіздік жарияланған сәттен бастап 30 жыл ішінде орын алған дамуды жалғастыруға шақырамыз.
14 қаңтар 2022, Карцаг
Шын жүректен,
Шандор Ковач
Президент