Қазақстан Елшісі мажарстандық «Globalia Kft.» компаниясының басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі мажарстандық «Globalia Kft.» компаниясының басшылығымен кездесті

Будапешт, 2022 жылғы 13 қаңтар – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Қазақстанның энергетика саласының белсенді инвесторы болып табылатын мажарстандық «Globalia Kft.» компаниясының бас директорымен Габор Шагимен кездесті.

Кездесу барысында Ж.Әбдрашов мажар кәсіпкерін Қазақстанның ағымдағы ахуалы жайынан хабардар етті, сондай-ақ мемлекет тарапынан Қазақстандағы шетелдік инвестиция субъектілері мен шетелдік компаниялардың бизнесін қорғау бойынша тиісті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар Елші Қазақстан шетелдік инвесторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындауды жалғастыратынын және елдегі жағдай тұрақтанған сайын инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмысты жалғастыратынын айырықша баса айтты.

Өз кезегінде Г.Шаги Қазақстан халқымен және басшылығымен ынтымақтастығын білдіріп, елдегі жағдайдың тез арада жақсаратынына сенім

білдірді және Қазақстанда жоспарланған инвестициялық жобаны алдағы уақытта да жүзеге асыратынына сендірді.