
2022 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев оны Қазақстандағы қазіргі жағдай туралы және елімізде конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.
Виктор Орбан Қазақстан басшылығының жағдайды реттеу жөніндегі іс-қимылдарын қолдайтынын айтып, елімізбен арадағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.