Будапешт, 2021 жылғы 9 желтоқсан – Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Будапешттегі өкілдігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара өтті. Оның барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар кеңесі Төрағасының орынбасары Бірғаным Әйтімова дәріс оқып, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістіктері мен алдағы жоспарлары туралы айтты.
Іс-шараға Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің өкілдері, Мажарстанда тіркелген дипломатиялық миссиялардың басшылары, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, сарапшылар және басқа да қонақтар қатысты.
Сапар аясында Б.Әйтімова Мажарстан Парламенті Төрағасының орынбасары Шандор Лежакпен де кездесті.