Будапештте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Будапештте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Будапешт, 2021 жылғы 7 желтоқсан – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институтымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіз Қазақстан: 30 жылдың негізгі жетістіктері» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Негізгі спикерлер Премьер-Министрдің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Янош Бала, Ұлттық Жиналыстың депутаты, парламентаралық достық тобы тең төрағасының орынбасары Шандор Ковач, Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институтының директоры Мартон Угрошди болды. Іс-шараға Мажарстан СІМ, дипломатиялық корпус, академиялық, сарапшылық және бизнес орталарының өкілдері қатысты.

Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдрашов өз сөзінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің негізгі жетістіктері, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіліп жатқан саяси реформалары, сондай-ақ Қазақстан мен Мажарстан арасындағы әріптестіктің қол жеткізілген деңгейі туралы дөңгелек үстел қатысушыларын хабардар етті.

Янош Бала сөйлеген сөзінде тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстан экономикасы дамыған құқықтық мемлекет ретінде қалыптасқанын және сыртқы саяси аренада зор табыстарға жеткенін атап өтті.

Шандор Ковач қазіргі Қазақстан халықаралық қоғамдастықта үлкен беделге ие және Мажарстанның сенімді серіктесі болып табылатын тиімді мемлекеттің үлгісі болғанын белгілеп өтті.

Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институтының сарапшысы Ласло Ваша Қазақстанның ядролық қаруды таратпау, сондай-ақ қоғамды демократияландыруға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған саяси реформаларды дәйекті жүзеге асыру ісіндегі жетістіктерін жоғары бағалады.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелдің қатысушылары Қазақстан басшылығының тәуелсіз және қуатты мемлекет құрудағы зор еңбегін атап өтті.