
Будапешт, 2021 жылғы 1 желтоқсан – Қазақстан Ресубликасның Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында Будапештте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмінің көрсетілімі өтті.
Құттықтау сөзінде Елші Жәнібек Әбдрашов Елбасының қазақстандық мемлекеттілікті құрудағы, президенттік институтты нығайтудағы және қоғамды демократияландырудағы баға жетпес рөліне тоқталып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығының ішінде президенттік институт - қазақстандық мемлекеттіліктің маңызды элементі, кешенді реформалардың тірегі болғанын атап өтті.
Мажарстан қоғамы Елбасының болмысының қалыптасуы, оның алғашқы жеңілулері мен жеңістері, үміттері мен армандарының орындалғаны туралы көркем суретті бірегей жоғары бағалады.
Сонымен қатар, іс-шара қонақтары фильмде қазақ халқының ұлтаралық және конфессияаралық толеранттылығы, оның қонақжайлылығы айқын көрсетілгенін атап өтті.