Қазақстан Елшісі «Будапешт Планетасы 2021» тұрақты даму жөніндегі саммит пен көрменің ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан Елшісі «Будапешт Планетасы 2021» тұрақты даму жөніндегі саммит пен көрменің ашылу рәсіміне қатысты

Будапешт, 2021 ж. 30 қараша – 2021 жылғы 29-30 қарашада Қазақстанның Елшісі Жәнібек Әбдрашов «Будапешт Планетасы 2021» (Planet Budapest 2021 Sustainability Expo and Summit) тұрақтылық ЭКСПО көрмесі мен саммитінің ресми ашылуына қатысты.

Форумның ашылу рәсімінде Мажарстан Президенті Янош Адер, Польша Президенті Анджей Дуда құттықтау сөздерін сөйледі. Сонымен қатар бейне үндеу форматында Словакия Президенті Зузана Чапутова мен БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш сөз сөйледі.

Іс-шара 2021 жылғы 5 желтоқсанға дейін жалғасады. Саммит барысында ауыл шаруашылығы, ақылды қалалар, қалдықтарды басқару, энергия тиімділігі және тұрақты көлік салалары бойынша 185 көрме көрсетіледі.