
Будапешт, 2021 жылғы 29 қазан - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің Қауіпсіздік саясаты мәселелері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Петер Стараимен кездесіп, оның барысында халықаралық ұйымдар шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.