Будапештте Түркі кеңесіне мүше мемлекеттері Көлік министрлерінің 5-ші отырысы өтті

Будапештте Түркі кеңесіне мүше мемлекеттері Көлік министрлерінің 5-ші отырысы өтті

Будапешт 2021 жылғы 14 қазан - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев Түркі кеңесіне (ТМЫК) мүше мемлекеттері Көлік министрлерінің 5-ші кездесуіне қатысты. Отырыс барысында ТМЫК-ға мүше мемлекеттер арасындағы көлік саласындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов қатысты.