
Будапешт, 2021 жылғы 12 қазан – әскери-мемориалдық жұмыс шеңберінде Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов кеңес жауынгерлерінің сүйектерін қайта жерлеу және Калоч қаласының орталық зиратында монумент ашу рәсіміне қатысты.
Калоч-Кечкемет Архиепархияның Архиепископы кардинал Петер Эрденің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шараға Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы елшіліктерінің өкілдері, Калоч қаласының мэрі, Ресей Қорғаныс министрлігі өкілдігінің қызметкерлері, Мажарстан Қорғаныс министрлігінің өкілдері қатысты.
II дүниежүзілік соғыс кезінде Бач-Кишкун облысындағы Калоч қаласының маңында қайтыс болған кеңес сарбаздарының сүйектері Сентраромшаг алаңындағы қаланың католиктік соборына жаныда жерленгенін айта кету жөн.
Собордың жанында 1944 жылдың аяғында - 1945 жылдың басында кеңес әскери ауруханасы құрылған болған, онда жараланған сарбаздар емделген. Мұнда собордың етегінде ауыр жарақаттан қайтыс болған жауынгерлер жерленген. 1985 жылы әскери жерлеу орны толығымен өзгеріліп, оның орнына монумент орнатылды. Есептік деректер бойынша Калоча қаласында барлығы 214 кеңес жауынгері жерленген, олардың ішінде Қазақстаннан шыққандары да бар, 211 жауынгердің есімі анықталған, ал үшеуінікі әлі белгісіз.