
Будапешт, 25 қыркүйек 2021 ж. - Қазақстанның Елшісі Жәнібек Әбдрашов «Табиғатпен бірге» атты аңшылық пен табиғат көрмесінің ресми ашылу салтанатына қатысты.
Көрме шегінде Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің мүше-мемлекеттер павильонында Қазақстандық экспозиция ұсынылады. Павильонның ресми ашылуы 2021 жылғы 28 қыркүйекте болады.