
2021 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Елшісі Жәнібек Әбдрашов Әзербайжанның Мажарстанға жаңадан тағайындалған Елшісі Тахир Тахизадені қабылдады.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін, сондай-ақ аймақтық форматтағы өзара әрекеттестікті талқылады.
Қазақстан елшісі Әзербайжан елшілігінің басшысына жаңа қызметінде сәттілік тіледі.