Қазақстан мен Мажарстанның парламенттік достық топтарының онлайн форматта кездесуі өтті

Қазақстан мен Мажарстанның парламенттік  достық топтарының онлайн форматта кездесуі өтті

2021 жылғы 17 қыркүйекте «Қазақстан Республикасы - Мажарстан» ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топ мүшелерінің онлайн форматтағы отырысы өтті.

Топтардың тең төрағалары, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы М.Құсайынов пен Мажарстан Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі М.Варга екіжақты парламентаралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, COVID-19 коронавирусының таралуына қарсы екі ел қабылдаған шаралар және Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықтың басқа да өзекті мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында депутаттар Қазақстан мен Мажарстан арасындағы парламентаралық диалогты нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді.