Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы

Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында Қазақстан Республикасында жалпыұлттық халық санағы өтеді.

Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында «https://sanaq.gov.kz/» сайтында онлайн-режимде санақ парақтарын толтыру арқылы халық санағынан өте алады.

Онлайн-режимдегі санаққа қатысу үшін, ең алдымен, «https://sanaq.gov.kz/» сайтында тіркеуден өту керек.

Тіркеуден және авторизациядан сәтті өткеннен кейін толтырылуы қажет санақ парақтарының электрондық нұсқалары қолжетімді болады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде санақ базасына түседі.