
2021 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының аясында Мажарстанның Мемлекеттік жиналысы спикерінің орынбасары Шандор Лежактың қолдауымен Лакителек халық институтында қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлы мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Мажарстанның саяси қайраткерлері, академиялық және қоғамдық топтарының өкілдері қатысты.
Рәсім барысында Ш.Лежак көрнекті философ, ақын және композитор Абайдың шығармашылық мұрасы батыс және шығыс мәдениетін рухани байланыстыратынын атап өтті.
Мажарстанның Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Михай Варга Мажартан Үкіметі «Шығысқа ашу» сыртқы саяси стратегиясы шеңберінде ғылыми-мәдени мұра саласындағы екі ел арасындағы қатынастарын дамытуды жалғастыратынын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Ж.Әбдірашов Абайдың еңбектері елдер мен халықтардың жақындасуына септігін тигізетінін, ал оның рухани мұрасы арқылы мажар жастары қазақ даласының мәдениетімен таныса алатынын атап өтті.
Іс - шара аясында Мажар студенттері Абайдың «Көзімнің қарасы» және «Өлең-сөздің патшасы» шығармаларын мажар және қазақ тілдерінде орындады.
Іс-шара соңында Елші қазақ тілі мен Қазақстан мәдениетін оқып жатқан мажар студенттерімен кездесу өткізді.
Абай мүсіні Мажарстанның рухани орталықтарының бірі болып табылатын Лакителек халық институтының ба5ында орнатылған.
Қазіргі уақытта Институт әлемдік тілдер мен мәдениеттерді зерттеуге арналған бірегей жоба құрды, мажар жастары арасында кең танымал болды. Қазақстан, Ресей, Беларусь және Моңғолиядан келген жетекші шетелдік ғалымдардың, лингвистердің, мәдениеттанушылардың және басқа да мамандардың осы елдердің мәдениеті мен тарихын зерделеу бойынша студенттерге арналған оқыту іс-шараларын өткізу жөніндегі жобаға қатысуы ықпал етеді.