Будапешт, 28 маусым, 2021 жыл - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов Мажарстан Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің Мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Бенчикпен кездесу өткізді. Кездесу барысында, екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективалары талқыланды.
Қарсы әріптес Мажарстан тарапының екі ел аграршылары арасындағы байланыстарды дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Мажарстанда бірлескен ауыл шаруашылығы жобаларын іске асыруға дайындығын растады.