Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі қоқыс жағу зауытында болды

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі қоқыс жағу зауытында болды

Будапешт, 2021 жылғы 21 маусым - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов «FKF» муниципалдық компаниясына тиесілі қатты тұрмыстық қалдықтарды жағу зауытында барды.

Елші қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратудың барлық циклімен танысып, кәсіпорын басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу аясында, Мажарлық әріптестер зауыттың тарихымен таныстырып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Анықтама: Зауыт 1982 жылы салынған және 2005 жылы қайта жаңартылған; жылына шамамен 400 мың тонна немесе сағатына 60 тонна қоқыс өртейді; "Waste-to-Energy" типіне жатуына орай, қалдықтарды жағудан жылу энергиясы тұрғын үй-жайларды жылыту және электр энергиясын өндіру үшін ішінара жұмсалады, ал түтін газы 90% тиімділікпен көп сатылы тазартудан өтеді.