2021 жылғы 14 маусымда Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің қолдауымен онлайн форматта Түркістан қаласының Халықаралық туризм және меймандостық университеті мен Дебрецен университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюдың ресми рәсімі өтті.
Ынтымақтастық туралы келісімге Түркістан қаласының халықаралық туризм және меймандостық университетінің Ректоры-Басқарма Төрағасы Майнұра Мурзамадиева мен Дебрецен университетінің проректоры Пинтер Акош қол қойды.
Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов құттықтау сөзінде екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық өз жемісін беретініне және осының арқасында Қазақстан мен Мажарстанның туризм және білім беру саласындағы екіжақты қарым-қатынастары жаңа деңгейге шығатынына сенім білдіріп, табыс тіледі.