Будапешт, 2021 жылғы 11 маусым - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның оңтүстігінде орналасқан Печ қаласына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында қазақстандық дипломат Печ қаласы университетінің ректоры Аттила Мишетамен кездесіп, екі ел арасындағы жоғарғы білім саласындағы ынтымақтастық мәселелерді талқылады.
Университетті аралағаннан кейін Елші Мажарстанның «Magnus Aircraft» компаниясының жеңіл көпмақсатты ұшақтарын құрастыру зауытының қызметімен танысты.
Мажар серіктестері жоғары технологиялық құрастыру цехымен таныстырып, композиттік материалдардан дайындалған екі орынды ұшу аппараттарын көрсетті.
Компания басшылығымен кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.