Будапештте Қоңыр-Дарыны» атты онлайн ғылыми конференция өтті

Будапештте Қоңыр-Дарыны» атты  онлайн ғылыми конференция өтті

2021 жылғы 21 мамырда Будапештте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Мажарстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігі қазақ-мажар «Барыс» қорымен бірлесе отырып, Мажарстан мен Қазақстанның орта мектеп оқушыларының қатысуымен мажар түркітанушысы Иштван Мандоки Қоңыр және екі елдің тарихына арналған «Қоңыр-Дарыны» атты ғылыми онлайн конференция-конкурсын ұйымдастырды.

Елші Ж.Әбдрашов конференцияның ашылу кезінде сөйлеген сөзінде, іс-шараның мақсаты екі ел арасындағы білім, ғылым және инновация саласындағы ынтымақтастықты нығайту екенін атап өтті.

Сонымен қатар конференция барысында Абай Орталығының меңгерушісі О.Мандоки, И.Мандоки атындағы No154 Алматы мектебінің директоры Қ.Алмасбаева, «Барыс» қазақ-мажар қорының президенті А.Гал, сондай-ақ конференцияның басқа қатысушылары сөз сөйледі.

Іс-шара аясында екі елдің мектеп оқушылары өз баяндамаларын қазақ және мажар тілдерінде оқыды. Байқау нәтижесінде сертификаттар мен естелік сыйлықтарға ие болған жеңімпаздар анықталды.