Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасындағы парламентаралық қатынастар талқыланды

Будапештте Қазақстан мен Мажарстан арасындағы парламентаралық қатынастар талқыланды

Будапешт, 2021 жылдың 18 мамыры - Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдірашов Мажарстан Ұлттық Жиналысының Сыртқы істер комитеті төрағасының орынбасары, ЕКПА-дағы мажар делегациясы басшысының орынбасары және ЕҚЫҰ ПА-дағы Мажарстан делегациясының басшысы Ж.Ченгер-Заланмен кездесу өткізіп, халықаралық ұйымдар шеңберінде Қазақстан мен Мажарстанның парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Елші Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформалар, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдары кезінде қол жеткізген жетістіктері туралы хабарлады.

Өз кезегінде, Ж.Ченгер-Залан Қазақстанды 30-жылдық Тәуелсіздігімен құттықтап, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді.