2021 жылғы 17 мамырда Будапештте Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов Мажарстан Мемлекеттік жиналысының Сыртқы істер комитетінің төрағасы, ЕКПА вице-президенті, Еуропа Кеңесіндегі Мажарстан делегациясының басшысы Жолт Неметпен кездесу өткізіп, Қазақстан мен Мажарстанның парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Ж.Әбдрашов Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформалар, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдары кезінде қол жеткізген жетістіктері туралы хабарлады.
Өз кезегінде, Ж.Немет Қазақстанды 30-жылдық Тәуелсіздігімен құттықтап, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді.