Қазақстан Елшісі Дебрецен қаласына барды

Қазақстан Елшісі Дебрецен қаласына барды

2021 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Әбдірашов инвестициялық көрсеткіштер бойынша әлемдегі алғашқы 10 қаланың қатарына кіретін, Мажарстанның екінші ірі қаласы - Дебреценге жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Ж.Әбдрашов Дебрецен қаласының Мэрі Ласло Папппен кездесіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастық мәселелерін, атап айтқанда, Дебрецен мен Қазақстан қалаларының бірі арасындағы бауырлас қатынастарды орнату мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастардың дамуын талқылады.

Содан кейін Ж.Әбдрашов Дебрецендегі экономикалық даму орталығының директоры Золтан Пошермен кездесу өткізіп, Дебрецен қаласына инвестиция тарту және шетелдік компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту жөніндегі орталықтың жұмысымен таныстырылды.

Сонымен қатар Елші Ж.Абдрашов 32 мың студент, оның ішінде 100-ден астамы Қазақстаннан келген студенттер оқитын Дебрецен университетінде болды.  Университеттің проректоры Акош Пинтермен кездесу өткізіп, сұхбат барысында тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелерді талқылады.