2021 жылғы 12 мамырда Будапештте, Мажарстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде көрнекті Ақынның шығармашылығы негізінде жасалған түркі әлемінің жетекші суретшілерінің туындыларын қамтыған «Абайды оқимыз» атты көркем альбомның тұсаукесері, сондай-ақ Мажарстанда Абайдың есімі мен мұрасын танымал етудің серіктестерін Абай Құнанбаевтың құрметіне арналған ТҮРКСОЙ құрмет медалімен марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында ҚР Мажарстандағы Елшісі Ж.Әбдрашов пен ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д.Касейінов «Абайды оқимыз» көркем альбомының ресми тұсаукесерін өткізді.
Содан кейін ҚР Мажарстандағы Елшісі Ж.Әбдрашов Абай орталығының жетекшісі О.Мандокиға және Сегед университетінің қазақ тілі мұғалімі Р.Мукушеваға Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың алғыс хаттарын, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың атынан және өзінің атынан алғыс хаттар табыстады.
Өз кезегінде Д.Касеинов ТҮРКСОЙ-дың «Абайға 175 жыл» құрметті медалін ҚР Мажарстандағы Елшілігі жанында ашылған Абай орталығының жетекшісі О.Мандокиға, Будапешттегі Түркі кеңесінің директоры Я.Ховариге, түрколог, Мажарстан этнография институтының этнографы Д.Шомфай Кара және Сегед университетінің қазақ тілі мұғалімі Р.Мукушева табыстады.