
2021 жылғы 23 наурызда Азия күрес кеңесінің президенті Дәулет Тұрлыхановтың Мажарстанға сапары шеңберінде Елші Жәнібек Әбдрашов Мажарстан Премьер-министрінің орынбасары доктор Жолд Шемьенмен келіссөздер жүргізді.
Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық және спорт ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары талқыланды.