
2021 жылғы 26 наурызда Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов Тороксентмиклош қаласындағы тұқым өндіру зауытында болып, Қазақстанға жеткізілетін тұқым партиясын жөнелту рәсіміне қатысты.
Іс-шара аясында Жәнібек Әбдірашов Мажарстанның Ауыл шаруашылығы министрі Иштван Надьпен кездесу өткізді. Сонымен қатар, Мажарстанның М1 телеарнасына сұхбат берді, онда Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту перспективалары туралы егжей-тегжей айтып берді.
Анықтама: зауыт жылына шамамен 190 млрд. форинт сомасына тұқым өндіреді, оның жартысы Қазақстанға жеткізіледі.