2021 жылғы 22 ақпанда Будапештте Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Ж.Әбдрашов Мажарстан Мемлекеттік жиналысы төрағасының орынбасары Ш.Лежакпен кездесіп, Қазақстан мен Мажарстанның парламентаралық қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Елші сұхбаттасушыны елде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформалар, сондай-ақ Қазақстанның тәуелсіздік жылдары кезінде қол жеткізген жетістіктері туралы хабарлады.
Өз кезегінде Ш.Лежак Қазақстанды 30-жылдық Тәуелсіздігімен құттықтап, екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін білдірді.