Елші «Түркі халықтарының рухани құндылықтары және Мандоки Қоңыр мұрасы» атты халықаралық онлайн-конференциясына қатысты

Елші «Түркі халықтарының рухани құндылықтары және Мандоки Қоңыр мұрасы» атты халықаралық онлайн-конференциясына қатысты

Ү.ж. 10 ақпанда «Түркі халықтарының рухани құндылықтары және Мандоки Қоңыр мұрасы» атты халықаралық ғылыми-танымдық онлайн-конференция өтті.

Аталған конференцияда ҚР Мажарстандағы Елшісі Ж.Әбдрашов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаев, Қазақ-Мажар «Барс» қорының президенті А.Гал, Мажарстандағы «Қазақ диаспорасының» өкілі, Елшілік жанындағы Абай Орталығының меңгерушісі О.Мандоки, ғалым, түрколог, этнограф Д.Кара Шомфаи және басқа да ғалымдар мен түркологтар сөз сөйледі.

Елші Ж.Әбдрашов өз сөзінде биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толғанын және осы уақытта Қазақстан айтарлықтай үлкен жетістіктерге жеткенін хабарлады. Сонымен бірге, Қоңыр Мандоки түркітану ғылымының дамуына зор үлес қосқан, сонымен бірге қазақ тілінің өркендеуіне ерекше мән берген ғалым болғанын және оның жұбайы Оңғайша Мандоки ұзақ жылдар бойы Қазақстан-Мажарстан арасындағы қатынастарды дамыту бойынша өзінің белсенді үлесін қосып келгенін атап өтті.

Іс-шараның соңында Қазақстанда оқитын мажар студенті Б.Фехер қобызбен қазақ-мажар әндерін орындады.