2021 жылғы 4 ақпанда Будапештте Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Ж.Әбдрашов Мажарстан СІМ мемлекеттік хатшысының орынбасары А.Баранимен кездесіп, вирустық пандемия жағдайында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды салыстырды». Сондай-ақ, 2021 жылы жоғары және жоғарғы деңгейдегі екіжақты байланыстарды жүзеге асыру бойынша жоспарларды талқылап, халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты.