Қазақстан Елшісі Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер Институтының директорымен кездесті

Қазақстан Елшісі Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер Институтының директорымен кездесті

2021 жылғы 15 қаңтарда Будапештте Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Ж.Әбдірашов Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер Институтының директоры М.Угрошдимен кездесу өткізді.

Кездесуде ҚР СІМ жанындағы сыртқы саяси зерттеулер институты мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер Институты арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, Ж.Әбдірашов сұхбаттасушыны Қазақстан-Мажарстан қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, жүргізіліп жатқан реформалар және Қазақстанда өткен парламенттік сайлау туралы хабардар етіп, халықаралық проблемаларды талқылады.