
2020 жылғы 29 желтоқсанда ҚР Мажарстандағы Елшілігінің жәрдемдесуімен «Gedeon Richter» мажар фармацевтикалық компаниясы Қазақстанға Covid-19 пандемиясымен күресте ҚР Үкіметінің қорғау шараларын қолдау үшін гуманитарлық көмек ретінде «Ардуан» препаратының 500 топтамасын (25 ампуладан) жеткізді.
Қазақстандағы бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС гуманитарлық жүкті Қазақстанның медициналық мекемелері бойынша одан әрі тарату үшін Алматыда қабылдап алды.
Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі осы көмек үшін өзінің мажар әріптестеріне шын жүректен алғыс білдіреді!