Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония Республикасы Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Солтүстік Македония Республикасы  Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

2020 жылғы 9 желтоқсанда Скопьеде Қазақстан Республикасының Елшісі (қоса атқарушы) Жәнібек Әбдрашов Солтүстік Македония Республикасының Президенті Стево Пендаровскиге сенім грамоталарын тапсырды.
Салтанатты рәсімнен кейінгі кездесуде тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, сондай-ақ короновирустық жағдайдағы халықаралық проблемаларды талқылады. Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент С.Пендаровскидің атына ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы, елді одан әрі реформалау және қазақстандық қоғамды дамыту жөніндегі шаралар туралы, сондай-ақ алдағы парламенттік сайлауға дайындық жұмыстары туралы хабардар етті.
Кездесу соңында қазақстандық дипломат екіжақты ынтымақтасты одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Өз тарапынан Президент С.Пендаровски Қазақстан Елшісін Солтүстік Македониядағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
Сол күні Ж.Әбдірашов Солтүстік Македония жиналысының (Парламентінің) Төрағасы Т.Джаферимен кездесіп, екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін талқыланды. Тараптар заң шығару саласында тәжірибе алмасу мақсатында екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстарды қарқындатуға өзара мүдделілікті екендіктерін атап өтті.
Ж.Әбдірашовтың Солтүстік Македония Сыртқы істер министрі Б.Османимен кездесуінде екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері мен өзекті халықаралық сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Солтүстік Македония министрін екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуымен құттықтады.