Қазақстан-Мажарстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өтті

Қазақстан-Мажарстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өтті

2020 жылғы 27 қарашада бейнеконференция форматында Қазақстан-Мажарстан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өтті.

Комиссия жұмысына ҮАК тең төрағалары - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов және Мажарстан Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Михай Варга, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдарының, кәсіпкерлік және академиялық топтарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан - Мажарстан ынтымақтастығының сауда, инвестиция, қаржы, ауыл шаруашылығы, көлік, энергетика, экологиялық технологиялар, қорғаныс өнеркәсібі, білім және ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау сияқты салалардағы неғұрлым перспективалы бағыттарын талқылады.

Сонымен қатар, тараптар жоғары технологиялар, фармацевтика, автомобиль өнеркәсібі және т.б. салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды дамыту қажеттігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Үкіметаралық комиссияның 7-ші отырысының хаттамасына және ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды.