2020 жылғы 11 қарашада Будапештте Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Ж.Әбдрашов Мажарстан СЭІМ мемлекеттік хатшысы Ч. Балогпен кездесті.
Кездесуде коронавирус пандемиясы жағдайында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері талқыланды.