
2020 жылғы 10 қарашада Түркі академиясының аясында белгілі мажар түркологы Дьюла Неметтің туғанына 130 жылына арналған «Мажарстан түркологиясы» атты халықаралық онлайн-конференциясы өтті.
Аталған конференцияны Түркі академиясының Президенті Д.Қыдырәлі ашып, ҚР Мажарстандағы Елшісі Ж.Әбдрашов, Мажарстан Парламентінің вице-спикері Ш.Лежак, ТүркПА Бас хатышысы А.Мамаюсупов, Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры Н.Дұлатбеков, Мажарстанның Қазақстан Республикасындағы Елшісі М.Галошфаи және белгілі қазақ, мажар, ресейлік, және қырғыз түркологтары сөз сөйледі.
Елші Ж.Әбдрашов конференцияның ашылу кезінде сөйлеген сөзінде Д.Немет және И.Мандокидің түркология ғылымына қосқан үлестерін атап өтіп, болашақта осындай іс-шаралардың жалғасатынына сенім білдірді және қатысушылардың жұмысына сәттілік тіледі.