ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің Мажарстанға сапары туралы

ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің Мажарстанға сапары туралы

Ү.ж. 2-3 қарашасында Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтің Мажарстанға жұмыс сапары аясында Елшілік пен Будапешттегі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі (ТМЫК) Өкілдігінің ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар өтті.

Осы реттте, ү.ж. 2 қарашада Будапештте венгрлік шығыстанушы, лингвист және түрколог Дьюла Неметтің 130 жылдығына орай оның ескерткіш тақтасына гүл шоғын қою рәсімі өтті.

Ү.ж. 3 қарашада Мажарстан Ғылым академиясында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Д.Касейновтың құрметіне қабылдау өтті. Қабылдау шеңберінде Д.Касейнов ТМЫК-қа мүше мемлекеттердің Мажарстанда аккредиттелген елшілеріне Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай әзірленген мерейтойлық медальды табыстады. Одан кейін, бағдарлама бойынша Будапештте орнатылған Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.