2020 жылғы 30 қазанда Будапешт қаласында қазақтың ұлы ақыны, философы, ағартушы және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінде "Абай Орталығының" ресми ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға Мажарстанның көрнекті қоғам қайраткерлері, қазақ диаспорасының өкілдері, Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетін оқып жатқан және қазақ мәдениетіне қызығушылық танытқан мажар студенттері қатысты.
ҚР Мажарстандағы Елшісі Ж.Әбдрашов өзінің құттықтау сөзінде Орталықты ашудың мақсаты қазақ мәдениетін, өнері мен әдебиетін насихаттау, сондай-ақ қазақ диаспорасы өкілдері мен мажар студенттеріне қазақ тілі мен әдебиетін, сонымен бірге оларды ұлттық музыкалық аспаптарда оқытуда көмек көрсету болып табылатынын атап өтті.
Іс-шара барысында студент жастардың өкілдері Абайдың өлеңдері мен әндерін, сондай-ақ қара сөздерін қазақ және мажар тілдерінде оқыды.