
2020 жылғы 26 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен келетін барлық жолаушыларда, оның ішінде Қазақстан азаматтарында мемлекеттік шекараны кесіп өткенге дейін 72 сағаттан артық емес уақытта ПТР әдісімен COVID-19-ға арналған тест өткені туралы анықтама болуы керек.
Айта кетерлігі, 5 жасқа дейінгі балалар ПТР сараптама анықтамасынан босатылады.