
2020 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Әбдірашов Мажарстан сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған "LOGISTICS FORUM" конференциясына қатысты.
Конференция жұмысына Мажарстан, Хорватия, Сербия, Словения және Италия өкілдері қатысып, Covid-19 пандемиясы кезеңіндегі көлік-логистика секторының проблемаларын, логистикалық процестерді цифрландыру және автоматтандыру мәселелерін, сондай-ақ көлік-логистика саласындағы стартаптарды талқылады.