2020 жылғы 30 қыркүйекте Мажарстандағы Қазақстан Республикасының Елшісі Жәнібек Әбдірашов Мажарстанның іскер топтары үшін бейнеконференция форматында өткен «Шығыс Еуропа» Бизнес клубының конференция жұмысына қатысты.
Ж.Әбдірашов өз сөзінде Қазақстандағы коронавирустың қазіргі жағдайы, экономика үшін жағымсыз салдарларды азайту үшін мемлекет қабылдаған шаралар туралы, пандемия жағдайында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты қатынастардың жай-күйі мен даму перспективалары туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ нарығының тартымдылығы туралы егжей тегжей айтып берді.
Сөз сөйлегеннен кейін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы бейнеролик көрсетілді.
Сонымен қатар, Бейнеконференция жұмысына Беларусь Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Пономарев және Ресей Федерациясының Мажарстандағы сауда өкілі П.Ильин қатысты.
Конференция барысында онлайн көрермендердің сұрақтарына қатысушылар тікелей эфирде жауап берді.