Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 75-жылдығына орай гүл шоғын қою іс-шарасы туралы

Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 75-жылдығына орай гүл шоғын қою іс-шарасы туралы

2020 жылғы 17 қыркүйекте Будапешт қаласында Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Абдрашов Мажарстандағы Әзербайжан, Беларусь және Ресей Федерациясының Елшіліктерімен бірлесіп 1944-1945 жылдары Мажарстанды азат ету ұрыстарында қаза тапқан кеңестік азат етуші жауынгерлерге ескерткіштердің біріне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Гүл шоғын қою Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 75-жылдығына, сондай-ақ 99 кеңес жауынгері жерленген аталған мемориалда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының аяқталуына орайластырылды.