Меню

Страницы

Статья

Қазақстанға не себепті инвестиция салу керек?

Соңғы жылдары Қазақстан жоғары инвестициялық әлеуетті көрсетуде және оның бірнеше себептері бар:

  • Стратегиялық орналасуы
  • Бизнеске қолайлы орта
  • Инвесторлардың құқықтарын қорғау
  • Инвестициялық ынталандырулар
  • Саяси тұрақтылық
  • Шикізат мол қоры
  • Адам капиталы
  • Табиғи ресурстардың молдығы

Қолайлы стратегиялық орналасуы 

Қазақстан аумағы арқылы бұрын Ұлы Жібек жолы өткен, себебі Қазақстан Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан, сол арқылы «құрлық көпірімен» қамтамасыз етті. «Төрттік» БРИК құрамындағы үш мемлекет: Ресей, Қытай және Үндістан Қазақстанға жақын орналасқан.

Қазақстан – Еуропа мен Азияның тоғысқан жеріндегі жаңа стратегиялық орын. Бұған 500 млн-нан асатын тұтынушысы бар аймақтық нарық және 180 млн-нан астам тұтынушысы бар Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы нарығына преференциялық қолжетімділік бар, уақыты тиімді жүк тасымалы кіреді. Мысалы: Еуропа-Қытай-Санкт-Петербург - 10 күн; Гамбургке - 16 күн; Лондонға – 18 күн.

Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасында шешуші рөл атқарады – жалпы ұзындығы 10 құрлық дәлізінің маңызды учаскесін болып табылады және тасымалдау уақыты мен шығындарды айтарлықтай қысқартады.

Ақтау және Құрық теңіз порттары – Қазақстан Республикасының басқа елдерде де теңіз порттарының инфрақұрылымы бар: Батуми (Грузия) және логистикалық Ляньюньган (Қытай).

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты арқылы өтетін трансконтиненталдық тасжолы Қытай мен Еуропа арасындағы жүктерді 10 күнде жеткізуге мүмкіндік береді.

Қолайлы инвестициялық климат

Қазақстанда инвесторлар үшін бизнес-климаттың қолайлы аспектілеріне көп көңіл бөлінеді: әкімшілік кедергілерді азайту және процедураларды жеңілдету, кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру.

Тиімді салық режимі

Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша жалпы мөлшерлеме. Қазақстан IMD рейтингінде салық саясаты бойынша 5-ші орында тұр.

Бизнес ашуда жеңілдетілген процедуралар

  • 1 күнде заңды тұлғаны тіркеу
  • 3 күнде мүлікті тіркеу
  • 100 күнде құрылысқа рұқсат алу

Мемлекеттік қолдау шаралары

13 арнайы экономикалық аймақ (0% - корпоративтік табыс салығы, жер салығы, кедендік баждар және арнайы экономикалық аймақтарға тауарлар импорты бойынша ҚҚС, мүлік салығы)  

24 индустриалдық аймақ (дайын инфрақұрылымның болуы, ұзақ мерзімді жалға беру шарттары мен жер құнына негізделген өтеу кестесі, салалық шектеулердің болмауы, инвестициялық келісімшарт жасасу мүмкіндігі).

Инвестициялар туралы келісім

Ірі инвестициялық жобаларға арналған жаңа құрал-инвестициялар туралы келісім

- Салық міндеттемелерін 20% - ға дейін азайту;

- Заңнаманың тұрақтылығы (25 жылға дейін)

- Құрылыс - монтаж жұмыстары мен жабдықтарды сатып алу құнының 20% - на дейін өтеу

Үкіметпен келісім бойынша ҚР заңнамасында көзделген қосымша преференциялар беру.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау

Шетелдік инвестицияларды тарту және оларды тиімді пайдалану Қазақстан Республикасының басқа елдермен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі
  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі төрағалық ететін Үйлестіру кеңесі
  • Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты және халықаралық арбитраж орталығы – ағылшын құқығы қағидатына негізделген сот жүйесі
  • Жоғарғы Соттың және Нұр-Сұлтан қалалық сотының инвестициялық дауларды шешу жөніндегі мамандандырылған сот алқасы
  • Инвестициялық омбудсмен – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Адам капиталы

  • «Human Capital Index-2018» дүниежүзілік банктің рейтінгісі бойынша 31- орында.
  • Халықтың сауаттылық деңгейі – 100%
  • ЭЫДҰ құрамындағы барлық елді қоса алғанда, әлемнің 65-тен астам елінің азаматтары үшін визасыз режим
  • 128 жоғары оқу орны, оның 8-і  2018 жылы «QS Stars Development Road map» рейтингісімен әлемнің үздік университеттері тізіміне енді.
  • «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша әлемнің үздік 100 университетінде 10 мыңнан астам маман дайындалды.

 

Дата публикации
17 февраля 2022
Дата обновления
17 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2025
Мажарстанға шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған жадынама
Пайдалы ақпарат
25 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Пайдалы ақпарат
25 марта 2025
Жетім балаларды асырап алұға тілек білдірген адамдарды есепке алу

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары