Меню

Страницы

Статья

Жамбыл Жабайұлы

Жамбыл Жабайұлы

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабайұлы 1846 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.

Жамбыл Жабайұлының өсіп-өнген жерінде ән-күй, ақындық – жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбыл Жабайұлының ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген.

Жамбыл Жабайұлының ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған ауыр соғыс алдындағы кезі болды. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл Жабайұлы өзінің өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Жабайұлы Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл Еуразияға жайылды.

Жамбыл Жабайұлының қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын паш етті.

1945 жылы 22 маусымда Жамбыл Жабайұлы дүние салды.

Дата публикации
01 февраля 2022
Дата обновления
01 февраля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2025
Мажарстанға шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған жадынама
Пайдалы ақпарат
25 марта 2025
Жетім балаларды асырап алұға тілек білдірген адамдарды есепке алу
Пайдалы ақпарат
25 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары