Қазақстан табиғаты өзінің ерекшелігімен таң қалдырады. Ол ұлан-ғайыр даласымен, мешіттердегі алтын күмбездерімен, Балқаш көлінің көгілдір беті және Нұр-Сұлтан қаласындағы заманауи ғимараттарымен кез-келген саяхатшыны қызықтырады. Ұлы Жібек жолындағы қалалар мен Байқоңыр ғарыш айлағы да Қазақстан жері. Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан, географиялық жағдайы қолайлы еліміздің табиғаты екі континенттегі табиғаттың ең көркем жерлерін иеленген симбиозға айналды.
Бір жағынан, заманауи ғимараттарымен тез дамып келе жатқан қалалар, бар, екінші жағынан, Қазақстанның сол қалпындағы табиғаты, шөлейт жерлері, көне қалалары, әдемі, альпілік ландшафттары. Бұнда көшпенділердің киіз үйлерімен танысуға, бие сүтінен жасалған «қымызды» ішуге, тіл үйіретін ұлттық тағамдарынан дәм татуға, ауруларға мың да бір ем таза ауасымен тыныстауға, ерекше әдемі тау пейзаждарын көруге болады. Мысалы, Қазақстанның биік таулы кластерін ең тартымды табиғат көріністерінің бірі деп атауға болады.
Коронавирустық пандемияға байланысты соңғы жылы Қазақстанда ішкі туризм қарқынды дамуда, яғни ем алатын жаңа жерлер мен ресурстардың ашылуына әкелді. Белсенді демалыс, тауға шығу, атқа міну, ежелгі тарихи орындарға саяхаттау туристерді қаншалықты тартқанмен, курорттық демалыс әрқашан ең танымал және сұранысқа ие.
Қазақстан табиғаты саяхатшылардың елімізге деген қызығушылығының басты себебі, бұл жерде сәулет мұрасы да өзіне назар аудартып отыр.
Бүкіл әлемде экотуризм ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың яғни ұлттық парктер мен қорықтар жанында белсенді дамуда. Шынымен де, жабайы табиғат оазисі сол жерлерде жақсы қорғалады, адамдар белгілі бір жұмыстарды жүзеге асырса да, ол жерлер қоғалатын болғандықтан, қатаң тәртіппен реттелген.
Қазақстанда ерекше, қорық аумақтары өте көп екені сөзсіз.
Біз сіздерге ұлы суретшілердің қаламынан шыққандай Қазақстанның ондаған ерекше әдемі жері туралы материалдар дайындадық. Мұнда сіз керемет әдемі фотосуреттер жасай аласыз, сондықтан сіздің қолыңызда қандай да бір камера болса, ол сіздің сапарыңызда үздіксіз жұмыс жасайтын болады.
Жеке саяхаттау – бұл жаһандық пандемия әсерінен туризмде туындаған жаңа тренд. Аумағының кеңдігінен әлеуметтік қашықтық аса байқалмайды, халық тығыздығының төмендігі мен табиғи парктердің көптігін ескере отырып, Қазақстан жеке саяхаттаулар үшін ерекше жер болып табылады.
Шетелдік қонақтардың Қазақстан Республикасы аумағына кіруі және шығуы мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктерінде, паспорт немесе оны алмастыратын құжаттар, қажет болған жағдайда Қазақстан визасы арқылы іске асырылады.
2020 жылдың наурыз айына дейін 73 мемлекеттің азаматтары Қазақстан аумағына визасыз кіре алған. Алайда, 54 мемлекет үшін визасыз режим 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін уақытша тоқтатылды. Визасыз режим Аргентина, Армения, Әзірбайжан, БАӘ, Белорусия, Бразилия, Грузия, Гонконг, Қырғызстан, Молдова, Моңғолия, Ресей, Сербия, Тәжікстан, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Украина және Эквадор азаматтары үшін ғана әрекет етеді.
Кімге виза қажет емес?
Келесі мемлекеттер азаматтары Қазақстан аумағына визасыз кіріп, елде 30 күнге дейін тұрақтай алады:
Аргентина, Әзірбайжан, БАӘ, Бразилия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Сербия, Түркия және Эквадор.
Сонымен қатар, азаматтарына Қазақстан аумағына 30 күнге дейінгі мерзімге визасыз кіруіне рұқсат етілетін мемлекеттер тізіміне келесі елдер кірген (2021 ж. 31 желтоқсанына дейін тоқтатылды): Америка Құрама Штаттары, Аустрия Республикасы, Аустралия Одағы, Бахрейн Корольдігі, Бельгия Корольдігі, Болгария Республикасы, Ватикан қала мемлекеті, Венгрия, Вьетнам Социалистік Республикасы, Германия Федеративтік Республикасы, Грек Республикасы, Дания Корольдігі, Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль мемлекеті, Индонезия Республикасы, Ирландия Республикасы, Исландия, Испания Патшалығы, Италия Республикасы, Канада, Катар мемлекеті, Кипр Республикасы, Колумбия Республикасы, Кувейт мемлекеті, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Лихтенштейн Княздігі, Малайзия, Мальта Республикасы, Мексика Біріккен Штаттары, Монако Княздігі, Нидерланд Корольдігі, Норвегия Корольдігі, Оман Сұлтандығы, Польша Республикасы, Португалия Республикасы, Румыния, Сауд Арабиясы, Сингапур Республикасы, Словакия Республикасы, Словения Республикасы, Таиланд Патшалығы, Ұлы Люксембург Герцогтігі, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Франция Республикасы, Филиппиндер Республикасы, Финляндия Республикасы, Хорватия Республикасы, Чехия Республикасы, Чили Республикасы, Швейцария Конфедерациясы, Швеция Корольдігі, Эстония Республикасы кіреді. Аталған мемлекеттердің азаматтары әрекеттегі паспорттың кез келгені арқылы Қазақстан Республикасының аумағына визасыз, 30 күнге дейігі мерзімге кіру мүмкіндігіне ие.
Төмендегі мемлекеттер азаматтарының ҚР аумағына визасыз 90 күнге дейінгі мерзімге кіру құқығы бар:
2020 жылдың 31 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін үшінші бір мемлекетке жол тартып немесе өз елдеріне оралып бара жатқан Қытай Халық Республикасы және Үндістан Республикасының азаматтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Шымкент, Қарағанды, Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен Қазақстан Республикасы аумағына кіретін не шығатын болса, олар үшін 72-сағаттық визасыз режим әрекет еткен болатын. 2021 ж. 30 сәуірдегі мәліметке сай, аталмыш режимнің жұмысы 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатылған.
Қазақстандық визаны қалай алуға болады?
Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының визасы талап етілетін шетелдік азаматтар визаны екі түрлі жолмен рәсімдей алады: ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдіктері арқылы немесе электронды түрде (e-visa).
Бірінші нұсқа
Визалар ҚР Сыртқы істер министрлігімен (ары қарай – ҚР СІМ), ҚР СІМ-нің шетелдік мекемелерімен және елшілік пунктерімен, аталғандары болмаған жағдайда, ҚР арнайы өкілеттілігі бар өкілдерімен беріледі.
Қабылдаушы тараптағы ұйымдардың өтініші бойынша шетелдіктерге көпретті виза берілуі мүмкін.
Екінші нұсқа. Е-visa
2019 жылдан бастап 105 мемлекет азаматтары туристік, 18 мемлекет азаматтары емдік немесе іскерлік мақсаттағы визаны электронды түрде рәсімдеу мүмкіндігіне ие болды.
Электронды виза (іскерлік, емдік, туристік санаттағы) қазақстандық тараптың әрекеттегі шақыртуы негізінде рәсімделеді. Шетелдік турист аталған шақыртуды алу үшін, қабылдаушы тарап (туристік виза болса, тек туроператор немесе туристік агенттік) ҚР ІІМ-нің көші-қон қызметі комитетінің бөлімшелеріне сәйкес құжаттар жиынтығын тапсыруы керек. Шақыртуды растауды қарастыру мерзімі – 5 жұмыс күні. Бұдан кейін қабылдаушы тарапқа шақырту номері беріледі. Номер электрондық визаны рәсімдеу үшін шетелдік туристке тапсырылады.
Одан кейін турист электрондық визаны www.vmp.gov.kz порталы арқылы рәсімдей алады.
Виза санаттары:
Қазақстан Республикасы визаларын беру және әрекет ету мерзімін ұзартуға келесі жағдайлар негіздеме бола алады:
Кіру визасын беру үшін негіздеме шетелдіктердің Қазақстанға келу мақсаттарына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, Қазақстанда таныстарының немесе туыстарының шақыртуы бойынша – жеке мақсаттармен, іскерлік, білім алу не туризм мақсатымен келгендер Қазақстан аумағында жұмыс жасауға және келу мақсатына қатысы жоқ өзге қызметпен (ҚР заңнамалық актілерімен қарастырылған жағдайлардан басқасы) айналыса алмайды.
Виза санаттары, олардың берілу тәртібі, әрекет ету мерзімінің қысқартылуы мен ұзартылуын ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісуімен, ҚР ІІМ мен ҚР СІМ анықтайды.
Визасыз кіру бойынша келісімі бар үшінші елге жету үшін Қазақстан аумағын транзит арқылы жүріп өтетін шетел азаматынан міндетті түрде Қазақстанның транзиттік визасы талап етіледі.
Қазақстан Республикасын автокөліктік құралдармен транзиттік жүріп өту, соның ішінде халықаралық автомобильді жүк тасымалы, тек халықаралық автомобильді қатынасқа ашық жолдар арқылы іске асады.
Шетелдіктер көші-қон полициясы органдарында тіркелу керек пе?
Тіркеусіз 30 тәулік
2020 жылдан бастап, 2019 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған Заңға сәйкес, Қазақстан аумағына 30 күнге дейінгі мерзімге келген шетелдіктер үшін міндетті тіркеу қажеттілігі жойылды. Дегенмен, қабылдаушы тарап үшін турист ел аумағына келген сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде көші-қон қызметін шетелдік қонақтың келгендігі жайлы хабарландыру міндеттемесі сақталады.
Ол үшін виза-көші-қон порталында келесідей әрекеттерді орындау қажет:
Қызмет тегін. 2014 жылдан бастап ҚР ІІМ-мен іске асырылуда.
Шетел азаматының Қазақстан аумағына 30 тәуліктен артық мерзімге келуі
Шетел азаматы Қазақстан Республикасы аумағына 30 тәуліктен артық мерзімге келетін болса, қабылдаушы тарап (қонақ үй, хостел, жалдамалы тұрғын үй, емдік-сауықтыру мекемесі және т.б. заңды немесе жеке тұлға) қонаққа уақытша тұруға рұқсат (тіркеу) рәсімдеуге міндетті.
Назар аударыңыз: шетелдіктерді тіркеу және Қазақстан аумағына шетел азаматының келуі жайлы хабарлау – қабылдаушы тарапқа жүктелетін екі бөлек міндет.
Қазақстандықтар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 2021 жылғы ақпан айында «Ashyq» жобасы жұмысын бастады. Аталмыш жоба белгілі бір кәсіпкерлік нысанына кірер кезде арнайы QR-код арқылы келушілердің статусын анықтауға мүмкіндік береді. Қосымшада қарастырылған 4 түсті статустың әрқайсысына жеке тоқталсақ:
«Жасыл» және «Көк» статус келушілердің кәсіпкерлік нысандарына кіруіне мүмкіндік береді. Ал «Сары» және «Қызыл» статусқа ие келушілерге кәсіпкерлік нысандарына кіруге тыйым салынған.
2021 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері «Кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» жобасын енгізу туралы» қаулыға қол қойды. Қаулыда жобаның еліміздің барлық өңірлері ауқымында жүзеге асырылуы жайлы айтылған. Сөз болып отырған кәсіпкерлік нысандарын атап өтсек:
фитнес-клубтар, йога орталықтарын қоса алғанда; спа орталықтары; сауналар; бассейндер; компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда; боулинг клубтары; кинотеатрлар; театрлар мен филармониялар; қоғамдық тамақтану орындары; жазғы алаңдар; фуд-корттар; банкет залдары, стрит-фуд пен асханалардан басқа; облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар; бильярд клубтары; концерт залдары; караоке; көрмелер; океанариум; марафондар; көрермендердің келуі қарастырылған спорттық іс-шаралар; Нұр-Сұлтан әуежайы; Алматы әуежайы; Шымкент және Түркістан әуежайлары (2021 жылғы 31 мамырдан бастап); Ақтау және Қостанай әуежайлары (2021 жылғы 7 маусымнан бастап).
Назар аударыңыз! Келушінің өз смартфоны болмаған жағдайда, кәсіпкерлік нысанының қызметкері келуші статусын, оның рұқсатымен, ЖСН арқылы ақпараттық жүйеде тексереді.
Шетел азаматтары да «Ashyq» қосымшасын қолдана алады. Мобильді қосымшаның «күзетші» режимінде «резидент емес тұлғаны тексеру» тетігі қарастырылған. Бар болғаны әріптер мен сандардың арасында бос орын қалдырмай паспорт нөмірін енгізіп, «тексеру» батырмасын басу керек. Нәтижесінде жүйе шетелдіктің статусын көрсетеді.
Шетел азаматтарына арналған ақпарат! Қазақстанда 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін 54 мемлекеттің азаматтарына визасыз режим уақытша тоқтатылды.
Қазақстан шекарасы шетел азаматтарының көпшілігі үшін әлі де жабық. Десек те халықаралық әуе қатынасы біртіндеп жандануда. Бүгінгі таңда Қазақстан мен Оңтүстік Корея, Грузия, Германия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Египет, Украина, Нидерланд, Ресей, Польша, Черногория, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдер арасындағы халықаралық барып-қайтар әуе қатынасы қайта қалпына келтірілді.