Меню

Страницы

Статья

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Мажарстанды ежелден келе жатқан тарихи байланыстар мен ортақ тамырлар байланыстырады. Екі елдің тарих ғылымында қазіргі мажарлардың ата-бабалары Отанды иелену жолын Орталық Азия аумағынан бастаған деп есептеледі. Орта ғасырларда ғұндар мен қыпшақ көшпенділерінің арқасында екі өңір арасындағы байланыс одан әрі нығая түсті. Осы тұрғыда қазақстандық және мажарстандық ғалымдар ортақ тарихи тамырларды зерттеуге өзара қызығушылық танытуда. Мажарстандағы қыпшақтар мен Қазақстандағы мадьярлардың қоныстану тарихын, сондай-ақ Қазақстандағы мажар әскери тұтқындарының тарихын зерделеу бойынша бірлескен археологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту аясында 2012 жылдан бастап Астанадағы көшелердің бірі «Будапешт» атауын иеленді, ал 2014 жылғы 2-3 маусымда Будапешттің Орталық саябағында «Астана» көшесі мен Абай Құнанбаевтың бюстінің ресми ашылуы өтті.

Мәдениет саласындағы байланысты тереңдету тәжірибесін жалғастыру аясында 2023 жылғы 2 қарашада Астанада әйгілі мажар ақыны, мәдениет қайраткері және Тәуелсіздік үшін күрескер Шандор Петёфидің есімі берілген көше ашылды.

2024 жылғы 8 қарашада Мажарстанның Карцаг қаласында қазақтың музыкалық аспабына арналған «Домбыра» мүсіні ашылды.

Қазақстандық және мажарстандық ғалымдар ортақ тарихи тамырларды зерттеуге өзара қызығушылық танытуда. Мажарстандағы қыпшақтар мен Қазақстандағы мадьярлардың қоныстану тарихын зерттеу бойынша бірлескен археологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Білім беру саласындағы ынтымақтастық ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы «Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы» келісім аясында жүзеге асырылады.

2023 жылғы қарашада «ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы 2023-2026 жылдарға арналған Stipendium Hungaricum бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы» меморандумға қол қойылды. Осылайша, жыл сайын Қазақстанның 250 азаматы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы бойынша Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар алады. Бұдан бөлек, «Обуда» университеті (Будапешт) мен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ (Қарағанды); Дебрецен университеті (Дебрецен) мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы) арасында ынтымақтастық туралы келісімдер бар.

Бүгінде екі елдің өнер қайраткерлері, ғалымдары мен спортшылары Қазақстан мен Мажарстанда өткізілетін түрлі мәдени және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуда.

2014 жылғы 2-3 маусымда Будапештте «Астана» көшесі мен Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды, ал 2021 жылғы 26 тамызда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Лакителек» халық институтында қазақтың ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды.

2025 жылғы 26 қаңтарда Димаш Құдайберген Будапештте балалар мен жастарға арналған «Virtuosos» классикалық музыка жобасының 10-шы мерейтойлық маусымына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Классикалық музыка әлемін кең телевизиялық аудиторияға танытатын жас таланттардың бірегей байқауы көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Бағдарламаға Мажарстан, Аустрия, Словения, Сербия және Черногориядан келген жас талантты музыканттар қатысты.

2025 жылғы 18 қазанда Дебрецен қаласының мәдени орталығында ҚР МСМ-нің қолдауымен, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі ұйымдастырған, Қазақстан Республикасы күнінің 35 жылдығын мерекелеуге арналған қазақтың «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің концерті өтті.

2026 жылғы 18 сәуірде Будапештте Димаш Құдайбергеннің концерті өтті, бірегей «Үш икона» шоуы аясында қазақстандық әнші аты аңызға айналған Пласидо Домингомен бір сахнада өнер көрсетті.

2026 жылғы 22 сәуірде Будапешт қаласында мәдени іс-шара өтті. «Soul Therapy» концерттік бағдарламасының авторы, қазақстандық музыкант Бағжан Октябрь көрермендерге жоғары деңгейдегі музыкалық бағдарламасын ұсынды. Концерттік бағдарламаға әлемге әйгілі кинофильмдер мен телесериалдардан алынған шығармалармен қатар қазақтың халық әндері де енді.

2026 жылғы 16 маусымда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» халықтық ансамблі мен «Жорға» би ансамблі Будапештте аңызға айналған «Ақсақ құлан» күйінің 800 жылдығына арналған және мажар жұртшылығына қазақ халқының бай музыкалық әрі би мұрасын таныстырған «Қазақстан - Ұлы дала үні» концертін ұйымдастырды.

Жалпы алғанда, мәдени-гуманитарлық қатынастар белсенді дамып келеді. Бұған екі халықтың тарихи жақындығы және олардың ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді жаңғыртуға деген ұмтылысы ықпал етуде.

Дата публикации
05 февраля 2020
Дата обновления
31 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2025
Мажарстанға шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған жадынама
Пайдалы ақпарат
25 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету
Пайдалы ақпарат
25 марта 2025
Жетім балаларды асырап алұға тілек білдірген адамдарды есепке алу

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары