Меню

Страницы

Статья

Шарттық-құқықтық база

Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы шарттық-құқықтық база

Мемлекетаралық

 1994

  1. ҚР мен Венгрия Республикасы арасындағы ынталандыру және инвестицияларды өзара қорғау туралы келісім. Будапешт, 07.12.1994. 1996 жылғы 3 наурызда күшіне енді.
  2. ҚР Үкіметі мен Венгрия Республикасының Үкіметі арасындағы қосарланған салықты жою және табыс пен капиталға салық төлеуден жалтаруды болдырмау жөніндегі конвенция. Будапешт, 07.12.1994. 1996 жылғы 3 наурызда күшіне енді.

1995

  1. ҚР мен Венгр Республикасы арасындағы Консулдық конвенция. Алматы, 09.03.1995. 1998 жылғы 17 қаңтарда күшіне енді.

2014

  1. ҚР мен Мажарстан арасындағы ұстап беру туралы шарт. Будапешт, 03.07.2014. 2015 жылғы 15 сәуірде күшіне енді.
  2. ҚР мен Мажарстан арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт. Будапешт, 03.07.2014. 2015 жылғы 15 сәуірде күшіне енді.
  3. ҚР және Мажарстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы бірлескен декларация. Будапешт, 03.07.2014. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

2015

  1. ҚР мен Мажарстан арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт. Астана, 01.04.2015. 2016 жылғы 10 ақпанда күшіне енді.

 

Үкіметаралық

1995

  1. ҚР Үкіметі мен Венгрия Республикасының Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісім. Алматы, 09.03.1995. 1995 жылғы 6 қазанда күшіне енді (жаңа келісім жобасы дайындалуда).

1996

  1. ҚР Үкіметі мен Венгрия Республикасы Үкіметі арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, есірткі құралдары мен психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісім. Будапешт, 07.10.1996. 1997 жылғы 25 маусымда күшіне енді.
  2. ҚР Үкіметі мен Венгрия Республикасы Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттармен азаматтардың өзара визасыз сапарларының тәртібі туралы келісім. Будапешт, 07.10.1996. 1996 жылғы 6 қарашада күшіне енді.
  3. ҚР Үкіметі мен Мажар Республикасы Үкіметі арасындағы халықаралық жолаушылар мен жүктердің автомобиль тасымалдаулары туралы келісім. Келісімге атқарушылық хаттама. Будапешт, 07.10.1996. 1998 жылғы 7 тамызда күшіне енді.
  4. ҚР Үкіметі мен Венгрия Республикасы Үкіметі арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы келісім. Будапешт, 07.10.1996. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

2008

  1. ҚР Үкіметі мен Венгрия Республикасының Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық туралы келісім. Будапешт, 20.06.2008. 2009 жылғы 9 қаңтарда күшіне енді.

2014

  1. ҚР Үкіметі мен Мажарстан Үкіметі арасындағы олардың мемлекеттерінің аумағында заңсыз тұратын адамдардың реадмиссиясы туралы келісім. Будапешт, 03.07.2014. 2015 жылғы 18 ақпанда күшіне енді. 2015 жылғы 18 ақпанда Қазақстан тарапы ратификациялады. Мажар тарапы осы келісімді ратификацияламады және ЕО заңнамасының талаптарын ескере отырып құжатқа өзгерістер енгізуді ұсынады.

2018

  1. ҚР Үкіметі мен Венгрия Республикасы Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттармен азаматтардың өзара визасыз сапарларының тәртібі туралы 1996 жылғы 7 қазандағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама. 02.2018. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

 

Ведомствоаралық

1993

  1. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Венгрия Республикасы Жер шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы келісім. Будапешт, 08.02.1993. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Венгрия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Будапешт, 08.02.1993. Қол қойылған  күнінен бастап күшіне енді.

1995

  1. ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігі мен Венгрия Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы хаттама. Алматы, 09.03.1995. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

2007

  1. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Венгрия Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Будапешт, 23.11.2007. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

2012

  1. ҚР Қаржы министрлігі мен Венгрия Ұлттық экономика министрлігі арасындағы салық салу бойынша ақпаратпен алмасу туралы келісім. Астана, 04.05.2012. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  2. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Венгрия Ұлттық ресурстар министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы іс-қимылдар жоспарының шеңберіндегі ынтымақтастық туралы хаттама. 05.2012. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  3. Алматы облысының әкімдігі мен Яс-Надькун-Солнок облыстық муниципалитеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. 05.2012. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  4. ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Венгрия Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы Іскерлік кеңес құру туралы келісім. 05.2012. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  5. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ және Венгрия «HITA» инвестициялар және сауданы дамыту жөніндегі агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. 05.2012. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  6. «Қазақстан темір жолы» Акционерлік қоғамы ұлттық компаниясы мен «Мажарстан Мемлекеттік темір жолдары» жабық акционерлік қоғамы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум. 04.05.12. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  7. «Парасат» ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» АҚ және Венгрия Инновациялар жөніндегі ұлттық агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. 05.2012. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

2013

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Адами ресурстар министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. 11.2013. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  2. ҚР Бас прокуратурасы мен Мажарстан Мемлекеттік басқару және әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. 11.2013. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  3. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Мажарстан Мемлекеттік басқару және әділет министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. 02.2013. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  4. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Мажарстан Сыртқы істер министрлігінің 2014-2015 жылдарға арналған жұмыс жоспары. 11.2013. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  5. «Хабар агенттігі» АҚ мен «БАҚ техникалық қолдау және активтерді басқару қоры» (MTVA) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. 11.2013. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

2014

  1. ҚР Ұлттық Банкі мен Мажарстан Қаржылық қадағалау басқармасы арасындағы персоналды зерделеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Будапешт, 03.07.2014. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  2. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Будапешт, 03.07.2014. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  3. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Будапешт, 03.07.2014. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  4. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі (ҚР) мен Хайду-Бихар облыстық муниципалитеті (Мажарстан) арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісім. Будапешт, 03.07.2014. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  5. ҚР Халықаралық Түрік Академиясы мен Мажарстан Гуманитарлық-зерттеу орталығы арасындағы ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Будапешт, 03.07.2014. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  6. Қазақ гуманитарлық-заң университеті мен Мажарстан «Корвинус». Университеті арасындағы келісім. Будапешт, 03.07.2014. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  7. «Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі мен флор концорциумы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Будапешт, 03.07.2014. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  8. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мен Экспорт-импорт Банкі (Эксимбанк) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 03.07.2014. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

2016

  1. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі арасындағы халықты еңбекпен қамту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Астана, 17.10.2016. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  2. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі арасындағы медициналық өнеркәсіп саласындағы өзара түсіністік меморандум. Астана, 17.10.2016. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  3. ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Мажарстан Мемлекеттік қазынашылығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Астана, 17.10.2016. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  4. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Мажарстан Ұлттық кітапханасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Будапешт, 08.11.2016. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  5. Қазақстан мен Мажарстан авиациялық биліктері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. 11.2016. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

2017

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Адами ресурстар министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама. Астана, 27.03.2017.

2018

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Адами ресурстар министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама. Будапешт, 23.11.2018. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  2. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Мажарстан Туризм агенттігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 23.11.2018. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  3. Қазақстан-мажар атом саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысының хаттамасы. Будапешт, 23.11.2018.

2019

  1. ҚР Президенті Істер басқармасының Медицина орталығы мен Мажарстан Адами ресурстар министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 29.04.2019. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  2. «Қазақстан Су Арнасы» Қазақстан Республикасының сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындары қауымдастығы мен су құбыры шаруашылықтары қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум. Нұрсұлтан, 29.04.2019. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  3. «Астана Су Арнасы» МКК мен «Будапешт Су Арнасы» ЖАҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Нұрсұлтан, 29.04.2019.
  4. «Астана Су Арнасы» МКК мен «Елордалық кәріз қызметі» ЖАҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Нұрсұлтан, 29.04.2019.
  5. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Келлер» ЖАҚ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум. Нұрсұлтан, 29.04.2019. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  6. «Қазақстан Электро» ЖШС мен «ГЕТ» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум. Нұрсұлтан, 29.04.2019. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  7. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Мажарстан Адами ресурстар министрлігі арасындағы тарихи-мәдени мұра саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 29.04.2019. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  8. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Мажарстан Адами ресурстар министрлігі арасындағы денешынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 29.04.2019. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  9. С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті АҚ мен Мажарстан Ұлттық аграрлық инновациялық зерттеу орталығының Ауыл шаруашылығын механикаландыру институты арасындағы ғылым және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Нұр-Сұлтан, 29.04.2019. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  10. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Будапешт Корвинус Университетінің Орталық Азияны зерттеу орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 29.04.2019. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  11. ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Мажарстан Қаржы министрлігі арасындағы салық және кедендік әкімшіліктендіруді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 29.04.2019. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  12. ҚР Ауыл шаруашылығы мен Мажарстан Ішкі істер министрлігі арасындағы су ресурстары бойынша ынтымақтастық туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 29.04.2019. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

2020

  1. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасында Дипломатиялық кадрларды оқыту саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 09.10.2020. Қол қойылған күннен бастап күніне енді.
  2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Земмелвейс университеті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, Нұр-Сұлтан, 27.11.2020. Қол қойылған күннен бастап күніне енді.
  3. Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті мен Обуда университеті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, Нұр-Сұлтан, 27.11.2020. Қол қойылған күннен бастап күніне енді.
  4. Қазақ ұлттық өнер университеті мен Мохой-Надь атындағы Будапешт өнер және дизайн университеті арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, Нұр-Сұлтан, 27.11.2020. Қол қойылған күннен бастап күніне енді.
  5. Қазақстан Республикасының Ұлттық курорттық қауымдастығы мен Rex San Medical Devices Manufacturer, Distributor and Repairs LTD компаниясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум. Денсаулық сақтау және медицина саласында, Венгрия. Будапешт, 27.11.2020 қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

2021

  1. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Мажарстан Адами ресурстары министрлігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы. Нұр-Сұлтан, 06.04.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  2. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы Халықаралық дамуға ресми көмек саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 06.04.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  3. ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институты арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 06.04.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  4. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мажарстан Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 20.05.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  5. ҚР Қаржы министрлігі мен Мажарстан Қаржы министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 25.10.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  6. «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Мажарстанның Мемлекеттік қарызды басқару агенттігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 25.10.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  7. ҚР Ұлттық Курорттық қауымдастығы, «REX-San Medical Devices Manufacturer Distributor and Repairs» ЖШС және Хевиз қаласының муниципалитеті арасындағы денсаулық сақтау және медицина ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Нұрсұлтан, 25.10.2021 ж. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  8. Генетика және физиология институты мен Мажарстан ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Нұр-Сұлтан, 25.10.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  9. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Тарих, археология және этнология факультеті) мен Мажарстан ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Нұр-Сұлтан, 25.10.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

 2023

  1. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Мажарстанның Мәдениет және инновациялар министрлігі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану үшін атом өнеркәсібінде кадрларды даярлау және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 2023 жылғы 27 қаңтар. Қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
  2. Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Мажарстанның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 2023 жылғы 27 қаңтар. Қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
  3. Қазақстан машина жасаушылар одағы мен Мажарстанның машина жасау және энергетика ұлттық қауымдастығы арасындағы өзара тиімді екіжақты қатынастарды дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 2023 жылғы 27 қаңтар. Қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
  4. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті мен Обуда университеті арасындағы автоматтандыру және ақпараттық технологиялар, машина жасау, сәулет және құрылыс, менеджменттің өзара қолайлы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту туралы өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 27.01.2023. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  5. Сулейман Демирел университеті мен Обуда университеті арасындағы инженерия, жаратылыстану ғылымдары және бизнестің өзара қолайлы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту туралы өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 27.01.2023. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  6. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Корвинус университеті арасындағы ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 2023 жылғы 27 қаңтар. Қол қойылған күннен бастап күшіне енді.
  7. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2024-2027 жылдарға арналған Stipendium Hungaricum бағдарламасы аясындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум. Астана, 11.2023. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  8. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған жұмыс жоспары. Будапешт, 21.11.2023 ж. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

 

Кәсіпкерлік субъектілері арасында

2021

  1. «KAZAKH INVEST» «ҰК» АҚ, Түркістан облысының әкімдігі және «Globalia» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 02.03.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  2. «Tungsram Operations» ЖШС және «Alageum Electric» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 06.04.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  3. Шымкент қаласының әкімдігі мен «SmartSet International» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Шымкент, 27.04.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  4. «KTZ Express» АҚ мен «MÁV-REC Railway Engineering Corporation» ЖШС (Central European Logistics and industrial Zone (CELIZ) арасындағы Захон арқылы жаңа теміржол маршруттары бойынша Қиыр Шығыста интермодальды тасымалдауды жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатында өзара түсіністік туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 25.10.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  5. «KAZAKH INVEST» «ҰК» АҚ, «ANM Group» ЖШС және «Globalia» ЖШС арасындағы жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 25.10.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  6. «K-Agro Holding» ЖШС мен «LAC Holding» ЖАҚ арасындағы екіжақты ауыл шаруашылығы қатынастарын нығайту және дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім. Нұр-Сұлтан, 25.10.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  7. «Астана Орманы» ЖШС мен «Torokszentmiklosi Mezogazdasagi» ЖАҚ арасындағы қала басқару, қалалық жасыл аумақтарды құру және тұқымдар ассортиментін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Нұр-Сұлтан, 25.10.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  8. Қазақстандық «GLOW TECH» ЖШС мен «ELWA» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы келісім. Нұр-Сұлтан, 25.10.2021. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

 2022

  1. Түркістан қаласының әкімдігі мен «Globalia» ЖШС күн электр станцияларын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум. Түркістан, 2022 ж. наурыз. Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  2. Тараз қаласының әкімдігі мен «Globalia» ЖШС күн электр станцияларын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум. Тараз, 2022 ж. наурыз.
  3. Атырау облысының әкімдігі мен «Globalia» ЖШС жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, елді мекендерді дамыту жөніндегі жұмыстарды іске асыру туралы меморандум. Атырау, 18.11.2022.

2023

  1. «Steppe Capital Pte. Ltd.» мен «Széchenyi Funds» арасындағы Қазақстан мен Мажарстандағы инвестициялық қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 27.01.2023.
  2. «INTEGRA Construction» және «ELWA Holding» арасындағы мажар құрылыс технологиялары мен инновациялардың Қазақстандық нарыққа шығуына жәрдемдесу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 27.01.2023.
  3. Қазақстанда енгізу үшін «Globalia/Kazglobal» және «SmartSet IT» арасындағы энергетиканы цифрландыру және токенизациялау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Будапешт, 27.01.2023.
  4. «Equilibrium Capital Zrt.» және «SmartSet IT» арасындағы цифрландыру және токенизация, IТ-қауіпсіздігі саласындағы Қазақстандағы алғашқы таңбалауыш тікелей инвестициялар қорын құру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум. Астана, 09.11.2023 Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  5. «Shymkent Bus Management Company» ЖШС, «Allodial Holding» және «Clickdrive Automotive Pty Ltd» арасында жасыл сутегімен, электрмен және дизель отынымен жүретін автобустарды жеткізу бойынша көлік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Астана, 09.11.2023 Қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
  6. «Астана жолдары инжиниринг» ЖШС, «Equilibrium Capital Zrt» және «Kazglobal Ltd» арасындағы 1-жасыл энергия инвестициялық қорын (Қазақстанда жасыл энергия қорын (GEF)) іске асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум. Астана, 09.11.2023.
  7. «Астана жолдары инжиниринг» ЖШС мен «Kazglobal Ltd» арасындағы Қазақстандағы жасыл энергетика жобаларын іске асыру мақсатында бірлескен кәсіпорын нысанындағы екі су электр станциясын дамыту және бірлесіп пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум. Астана, 09.11.2023.
  8. «KazFerroGroup» ЖШС мен «Allodial Holding» арасындағы металл конструкцияларды өндіру және торлы болат бағаналарды сату саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Астана, 09.11.2023.
  9. «Globalia Kft» мен «Alumni HU-KZ» арасындағы мажар университеттерінде оқуын аяқтаған немесе аяқтайтын студенттер үшін мажар компанияларында немесе Мажарстандағы немесе Қазақстандағы серіктес компанияларда кәсіби тағылымдамадан өту мақсатында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Астана, 09.11.2023.
  10. «Amanta Corporation» ЖШС, «ANM Group» және «Globalia Kft» арасындағы жасыл энергетика саласында «Amanta Corporation» ЖШС компаниясына күн және сутегі электр станциясын іске асыру және салу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Астана, 09.11.2023.
  11. «Kazglobal Ltd» және «Rideg & Rideg Fish Farm Kft» арасында Қазақстанда үлгілік балық шаруашылығын енгізу бойынша ауыл шаруашылығы (балық өсіру) саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Будапешт, 20.11.2023.
  12. «Kazglobal Ltd» және «BioTomal Ltd» арасындағы агроөнеркәсіп кешеніндегі топырақты жақсарту және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум. Будапешт, 20.11.2023.
  13. «Kelet Holding» және «GANZ Danubius Hungaria» арасындағы қазандық дәнекерлеу технологиясын беру, сондай-ақ үлкен қуатты қазандықтарды өндіру және сату мақсатында энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум. Будапешт, 20.11.2023.
  14. Мажарстан Ұлттық Банкі мен АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу комитетінің (AFSA) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум. Будапрешт, 24.11.2023.
Дата публикации
05 февраля 2020
Дата обновления
27 января 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
26 марта 2025
Мажарстанға шығатын Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған жадынама
Пайдалы ақпарат
25 марта 2025
Жетім балаларды асырап алұға тілек білдірген адамдарды есепке алу
Пайдалы ақпарат
25 марта 2025
"Шетелде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру" бағдарламасы бойынша қаржылық көмек көрсету

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары