
2026 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 71 млн. АҚШ долларын (экспорт - $5 млн., импорт – $66 млн.) құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (85,7 млн. АҚШ доллары) 17,2%-ға төмен. 2025 жылы 226 млн. АҚШ долларын (экспорт – $16.4 млн., импорт – $209.6 млн.) құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда ($199,7 млн.) 13.2%-ға жоғары.
Қазақстаннан Мажарстанға экспортталатын негізгі тауарлар: пропилен полимерлері; құстардың терілері, қауырсындары, мамығы және басқа да бөліктері; күрделі минералдық тыңайтқыштар; техникалық немесе өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік майлары мен тоң майлары; балық филесі және балық етінің басқа да түрлері; теміржол жылжымалы құрамының бөлшектері; кесілген ағаш материалдары және т.б.
Мажарстаннан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар: ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға және бастыруға арналған машиналар мен механизмдер; теміржол жылжымалы құрамының бөлшектері; шиналар; тірі құс; инсектицидтер мен гербицидтер; ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер және т.б.
2005 жылдан 2026 жылғы 1-тоқсанға дейінгі кезеңде Мажарстаннан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $415,1 млн. құрады. 2005 жылдан 2026 жылғы 1-тоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстаннан Мажарстанға тікелей инвестициялардың жалпы әкетілімі 1,2 млн. АҚШ долларын құрады.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда мажар қатысуы бар 50 заңды тұлға тіркелген, олардың 41-і жұмыс істейді («МОЛ» мұнай-газ компаниясы, «Гедеон Рихтер» фармацевтикалық компаниясы және т.б.).
Екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды тетігі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. Комиссияның тең төрағалары: қазақстандық тараптан - Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі С.Жұманғарин, мажар тараптан - анықталуда.
Іскерлік кеңестің 8-ші отырысы 2023 жылғы 26 қаңтарда Будапештте өтті, тең төрағалар – «Kazenergy» қауымдастығы Төрағасының орынбасары Д.Сәрсенов және «L.A.C. Holding» бас директоры Л.Хорват.