Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Eкіжақты қарым-қатынастар

Қазақстан-Мажарстан қатынастары

Жалпы мәліметтер

1992 жылғы 2 сәуір – Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасында дипломатиялық қатынастар орнатылған күн.

1993 жылғы наурызда Мажарстанның ҚР-дағы Елшілігі ашылды.

1993 жылғы қыркүйекте ҚР-ның Мажарстандағы Елшілігі ашылды.

2026 жылғы шілдеден бастап ҚР-ның Мажарстандағы Елшісі - Анель Бақытбекқызы.

2026 жылғы қыркүйектен бастап Мажарстанның ҚР-дағы Елшісі - Ференц Цомбош.

Жоғары және жоғары деңгейлердегі сапарлар

ҚР Президенттері Мажарстанға төрт рет барды (Н.Назарбаев ресми сапармен – 1994 жылғы желтоқсанда, мемлекеттік сапармен – 2007 жылғы 22-23 қарашада, Қ.Тоқаев мемлекеттік сапармен – 2024 жылғы 19-20 қарашада және жұмыс сапарымен – 2025 жылғы 20-21 мамырда).

Мажарстан Президенттері ҚР-ға үш рет барды (А.Генц ресми сапармен - 1997 жылғы 3-4 қарашада, П.Шмидт Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу аясында – 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда, Т.Шуйок ресми сапармен - 2025 жылғы 1-3 қазанда).

Қазақстанның Премьер-Министрлері Мажарстанға екі рет барды (жұмыс сапарымен – 2005 жылғы мамырда, ресми сапармен - 2014 жылғы 3-4 маусымда).

Мажарстанның Премьер-министрлері ҚР-ға бес рет барды (ресми сапарлармен: Д.Хорн – 1995 жылғы наурызда; В.Орбан – 2012 жылғы 3-4 мамырда, 2015 жылғы 31 наурыз-2 сәуірде, 2019 жылғы 23-24 сәуірде, 2023 жылғы 2-3 қарашада (оның барысында ол ҚР Президенті Қ.Тоқаевпен, Мәжіліс Төрағасы Е.Қошановпен және Премьер-министр Ә.Смайыловпен келіссөздер өткізді).

Қазақстанның Сыртқы істер министрлері Мажарстанға ресми сапарлармен бес рет барды (2013 жылғы 17-19 қарашада; 2014 жылғы 28 қаңтарда; 2018 жылғы 27 ақпан - 1 наурызда; 2020 жылғы 8-9 қазанда, 2023 жылғы 19-21 қарашада).

Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі П.Сийярто Қазақстанға ресми және жұмыс сапарларымен жеті рет барды (2015 жылғы 19-20 ақпанда, 2017 жылғы 26 маусымда, 2018 жылғы 12 қазанда, 2021 жылғы 6 сәуірде, 2022 жылғы 3 мамырда, 2023 жылғы 2-3 қарашада және 2025 жылғы 17 ақпанда).

2023 жылғы 21 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі П.Сийяртомен кездесуі өтті.

2024 жылғы 15 қазанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Люксембургте өткен «ҚР-ЕО» Ынтымақтастық кеңесінің 21-ші отырысының жұмысына қатысты. Келіссөздерде еуропалық тарапты ЕО Кеңесіне төрағалық еткен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі П.Сийярто таныстырды.

2025 жылғы 21 мамырда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу Будапештте өткен ТМҰ СІМК отырысына қатысты.

2025 жылғы 25 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеудің Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі П.Сийяртомен кездесуі өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық

Мажарстанға сапарлар:

- ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағалары М.Оспанов (1997 жылғы қараша), О.Мұхамеджанов (2008 жылғы желтоқсан), Қ.Жақыпов (2014 жылғы 19-21 қазан), Е.Қошанов (2024 жылғы 7-8 қазан).

    Қазақстанға сапарлар:

- Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағалары К.Сили (2007 жылғы мамыр), Л.Кёвер (2013 жылғы 23-25 қазан, 2019 жылғы 23-24 қыркүйек және 2025 жылғы 24-25 қыркүйек);

- Мемлекеттік жиналыс Төрағасының орынбасары Т.Шнайдер (2017 жылғы 27 қараша, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевпен кездесу);

- Мемлекеттік жиналыс Төрағасының бірінші орынбасары М.Матраи (2021 жылғы 28 қыркүйек);

- Мемлекеттік жиналыс Төрағасының орынбасары Ш.Лежак (2022 жылғы 28 қазан және 2024 жылғы 8-10 қыркүйек).

          - 2021 жылғы 17 қыркүйекте онлайн-форматта «Қазақстан - Мажарстан» ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топ мүшелерінің отырысы өтті.

          - 2025 жылғы 6 мамырда Мажарстан Парламенті депутаттарының тобы (Ж.Немет, Ш.Фазекаш және Ш.Ковач) Қазақстанға жұмыс сапарымен барды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық

2026 жылғы қаңтар-сәуір аралығында Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 71 млн. АҚШ долларын (экспорт - $5 млн., импорт – $66 млн.) құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (85,7 млн. АҚШ доллары) 17,2%-ға төмен. 2025 жылы 226 млн. АҚШ долларын (экспорт – $16.4 млн., импорт – $209.6 млн.) құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда ($199,7 млн.) 13.2%-ға жоғары.

Қазақстаннан Мажарстанға экспортталатын негізгі тауарлар: пропилен полимерлері; құстардың терілері, қауырсындары, мамығы және басқа да бөліктері; күрделі минералдық тыңайтқыштар; техникалық немесе өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға арналған жануар немесе өсімдік майлары мен тоң майлары; балық филесі және балық етінің басқа да түрлері; теміржол жылжымалы құрамының бөлшектері; кесілген ағаш материалдары және т.б.

Мажарстаннан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар: ауыл шаруашылығы дақылдарын жинауға және бастыруға арналған машиналар мен механизмдер; теміржол жылжымалы құрамының бөлшектері; шиналар; тірі құс; инсектицидтер мен гербицидтер; ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер және т.б.

2005 жылдан 2026 жылғы 1-тоқсанға дейінгі кезеңде Мажарстаннан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $415,1 млн. құрады. 2005 жылдан 2026 жылғы 1-тоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстаннан Мажарстанға тікелей инвестициялардың жалпы әкетілімі 1,2 млн. АҚШ долларын құрады.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда мажар қатысуы бар 50 заңды тұлға тіркелген, олардың 41-і жұмыс істейді («МОЛ» мұнай-газ компаниясы, «Гедеон Рихтер» фармацевтикалық компаниясы және т.б.).

Екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды тетігі Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. Комиссияның тең төрағалары: қазақстандық тараптан - Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі С.Жұманғарин, мажар тараптан - анықталуда.

Іскерлік кеңестің 8-ші отырысы 2023 жылғы 26 қаңтарда Будапештте өтті, тең төрағалар – «Kazenergy» қауымдастығы Төрағасының орынбасары Д.Сәрсенов және «L.A.C. Holding» бас директоры Л.Хорват.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық

Қазақстан мен Мажарстанды ежелден келе жатқан тарихи байланыстар мен ортақ тамырлар байланыстырады. Екі елдің тарих ғылымында қазіргі мажарлардың ата-бабалары Отанды иелену жолын Орталық Азия аумағынан бастаған деп есептеледі. Орта ғасырларда ғұндар мен қыпшақ көшпенділерінің арқасында екі өңір арасындағы байланыс одан әрі нығая түсті. Осы тұрғыда қазақстандық және мажарстандық ғалымдар ортақ тарихи тамырларды зерттеуге өзара қызығушылық танытуда. Мажарстандағы қыпшақтар мен Қазақстандағы мадьярлардың қоныстану тарихын, сондай-ақ Қазақстандағы мажар әскери тұтқындарының тарихын зерделеу бойынша бірлескен археологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту аясында 2012 жылдан бастап Астанадағы көшелердің бірі «Будапешт» атауын иеленді, ал 2014 жылғы 2-3 маусымда Будапешттің Орталық саябағында «Астана» көшесі мен Абай Құнанбаевтың бюстінің ресми ашылуы өтті.

Мәдениет саласындағы байланысты тереңдету тәжірибесін жалғастыру аясында 2023 жылғы 2 қарашада Астанада әйгілі мажар ақыны, мәдениет қайраткері және Тәуелсіздік үшін күрескер Шандор Петёфидің есімі берілген көше ашылды.

2024 жылғы 8 қарашада Мажарстанның Карцаг қаласында қазақтың музыкалық аспабына арналған «Домбыра» мүсіні ашылды.

Қазақстандық және мажарстандық ғалымдар ортақ тарихи тамырларды зерттеуге өзара қызығушылық танытуда. Мажарстандағы қыпшақтар мен Қазақстандағы мадьярлардың қоныстану тарихын зерттеу бойынша бірлескен археологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Білім беру саласындағы ынтымақтастық ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы «Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы» келісім аясында жүзеге асырылады.

2023 жылғы қарашада «ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасындағы 2023-2026 жылдарға арналған Stipendium Hungaricum бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы» меморандумға қол қойылды. Осылайша, жыл сайын Қазақстанның 250 азаматы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасы бойынша Мажарстанның жоғары оқу орындарында білім алуға гранттар алады. Бұдан бөлек, «Обуда» университеті (Будапешт) мен Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ (Қарағанды); Дебрецен университеті (Дебрецен) мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы) арасында ынтымақтастық туралы келісімдер бар.

Бүгінде екі елдің өнер қайраткерлері, ғалымдары мен спортшылары Қазақстан мен Мажарстанда өткізілетін түрлі мәдени және спорттық іс-шараларға белсенді қатысуда.

2014 жылғы 2-3 маусымда Будапештте «Астана» көшесі мен Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды, ал 2021 жылғы 26 тамызда ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Лакителек» халық институтында қазақтың ақыны әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды.

2025 жылғы 26 қаңтарда Димаш Құдайберген Будапештте балалар мен жастарға арналған «Virtuosos» классикалық музыка жобасының 10-шы мерейтойлық маусымына қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Классикалық музыка әлемін кең телевизиялық аудиторияға танытатын жас таланттардың бірегей байқауы көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Бағдарламаға Мажарстан, Аустрия, Словения, Сербия және Черногориядан келген жас талантты музыканттар қатысты.

2025 жылғы 18 қазанда Дебрецен қаласының мәдени орталығында ҚР МСМ-нің қолдауымен, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі ұйымдастырған, Қазақстан Республикасы күнінің 35 жылдығын мерекелеуге арналған қазақтың «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің концерті өтті.

2026 жылғы 18 сәуірде Будапештте Димаш Құдайбергеннің концерті өтті, бірегей «Үш икона» шоуы аясында қазақстандық әнші аты аңызға айналған Пласидо Домингомен бір сахнада өнер көрсетті.

2026 жылғы 22 сәуірде Будапешт қаласында мәдени іс-шара өтті. «Soul Therapy» концерттік бағдарламасының авторы, қазақстандық музыкант Бағжан Октябрь көрермендерге жоғары деңгейдегі музыкалық бағдарламасын ұсынды. Концерттік бағдарламаға әлемге әйгілі кинофильмдер мен телесериалдардан алынған шығармалармен қатар қазақтың халық әндері де енді.

2026 жылғы 16 маусымда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» халықтық ансамблі мен «Жорға» би ансамблі Будапештте аңызға айналған «Ақсақ құлан» күйінің 800 жылдығына арналған және мажар жұртшылығына қазақ халқының бай музыкалық әрі би мұрасын таныстырған «Қазақстан - Ұлы дала үні» концертін ұйымдастырды.

Жалпы алғанда, мәдени-гуманитарлық қатынастар белсенді дамып келеді. Бұған екі халықтың тарихи жақындығы және олардың ұлттық мәдениет пен дәстүрлерді жаңғыртуға деген ұмтылысы ықпал етуде.

 

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Twitter
Instagram
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары