Румыния Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік кеңесшісі Л. Одобескумен кездесу туралы

Румыния Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік кеңесшісі Л. Одобескумен кездесу туралы

2025 жылғы 6 ақпанда Бухарест қаласында Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли мен Румыния Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік кеңесшісі Луминица Одобеску ханымның кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Румыния арасындағы екіжақты саяси және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Жоғары деңгейдегі саяси диалогты нығайтуға, сондай-ақ өзара тиімді экономикалық байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Елші Е. Әли Қазақстанның энергетика, инфрақұрылым және агроөнеркәсіптік кешен сияқты түрлі салаларға румындық инвестицияларды тартуға мүдделі екенін атап өтті. Өз кезегінде Л. Одобеску ханым румын тарапынан ынтымақтастықты жандандыруға және екі ел арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды қолдауға дайын екенін білдірді.

Тараптар өзара диалогты жалғастыруға және жоспарланған бастамаларды жүзеге асыру үшін нақты қадамдар жасауға келісті, соның ішінде екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізу қарастырылды.